Қамқоршылық кеңесінің мақсаттары:
Жарғыда көрсетілген мектеп функцияларын іске асыруға жәрдемдесу, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту; жан басына шаққан қаржыландыру жүйесін енгізуге байланысты бюджеттің мақсатты жұмсалуы мен ашықтығын қамтамасыз ету.
Қамқоршылық кеңесінің жұмысындағы басым бағыттар:
Қамқоршылық кеңесі мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру;
Мектеп бюджетін жоспарлау кезінде ұсыныстар әзірлеу;
Әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге мектепке көмек көрсету;
Сапалы білім алуға жағдай жасауға жәрдемдесу;
Оқушылардың білім алуына, тәрбиеленуіне және мектепте болуына жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау.
Жиналыс тоқсанына бір рет, сәрсенбі күні өткізіледі.